Жаңалықтар
Жаңалықтар
Видео
Sergek Amazon Web Services бұлтты шешімдерін пайдалана бастады.
Біз Amazon Web Services (AWS) бұлттық шешімдеріне негізделген пилоттық жобаны сәтті аяқтадық. Аталмыш ынтымақтастық аясында Sergek өз шешімдерін әлемдік нарыққа тиімді енгізу үшін техникалық интеграция мүмкіндіктерін сынады.
Ынтымақтастықтың мақсаты «plug&play» форматында шешімдерді тез енгізу. Бұл Sergek интеллектуалды өнімдерін өз қалаларында енгізуді ойластырушы тұтынушылар үшін қолайлы тәжірибе болады.
🔹Біз жасанды интеллект және үлкен деректер (Big Data) негізіндегі шешімдерді ақылды және тұрақты қалалар үшін экспорттаймыз. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көлік аналитикасына және көліктің ауа сапасына әсерін бағалауға ерекше назар аударамыз.
🔹Бүгінгі таңда Sergek шешімдері Өзбекстанда сәтті іске қосылған және Әзербайжан мен Филиппинде пилоттық сынақтан өтуде.
AWS бұлтты инфрақұрылымын пайдалану біздің, демек қазақстандық шешімдердің географиялық кеңеюіне әсер етуші қадам болатынына сенімдіміз.
Meet Up «Ақылды қалаларға арналған цифрлық шешімдер»
Шараға мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің және цифрландыру мен қауіпсіздік саласының сарапшылары қатысты. Мақсат айқын – технологиялардың қалаларды қалай өзгертіп жатқанын және біз қазірдің өзінде бұл үшін не істеп жатқанымызды көрсету.
ҚР ІІМ вице-министрі Айдар Сайтбеков құттықтау сөзінде қоғамдық және жол қауіпсіздігін цифрландыру – «Заң мен тәртіп» қағидатын толыққанды қамтамасыз етудің басты тетігі екенін атап өтті.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алибек Кениспаев Sergek TOR платформасын таныстырды. Бұл – әртүрлі қауіпсіздік шешімдерін біртұтас экожүйеге біріктіретін жүйе. Біздің мамандар Sergek AI Smart City Platform қалай жұмыс істейтінін көрсетті – бұл қалалық деректер мен цифрлық сервистерді басқаруға арналған интеллектуалды орта. Ал Freedom Telecom стратегиялық бастамалар жетекшісі Бексұлтан Омралинов мұндай жобаларды ұлттық деңгейде іске асыру үшін қандай инфрақұрылым қажет екенін айтты.
Митаптың пікірталас бөлігінде мемлекеттік органдар мен өңірлік цифрландыру басқармаларының өкілдері белсенді түрде сұрақ қойып, пікір алмасып, жаңа идеялар ұсынды.
Біз үшін бұл жай ғана технология таныстыру емес. Бұл – қалаларды баршаға ыңғайлы әрі қауіпсіз етуге жасалған нақты қадам.
БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз релизі сілтемеде https://drive.google.com/drive/folders/1LESqCtHzMJdBgyq_22OWyqaluCxwSazI
Sergek AI-дайджестінің екінші бөлімі
Инвестиция, қор нарығы және жаңа заңдардың қазіргі кезде әлемдегі жасанды интеллекттің дамуына қалай әсер ететіні туралы ақпарат жинадық. Құжатта жасанды интеллекттің болашағын айқындайтын трендтер, бастамалар және сын-қатерлер қарастырылған.
Дайджест мемлекеттік орган өкілдеріне, ірі компаниялардың топ-менеджментіне, инвесторлар мен сарапшылар қауымдастығына пайдалы болады деп санаймыз.
🔗Толық нұсқасын қазақ және орыс тілдерінде сілтеме арқылы оқыңыздар. https://drive.google.com/drive/folders/1prQNpmW4N1qNHwNARl9BCHprzmL9lFtm?usp=sharing
Қазақстанда жол қауіпсіздігінің бірыңғай цифрлық платформасы TOR іске қосылды

Бұл жүйе елдегі жолдарда болып жатқан барлық оқиғаларды нақты уақыт режимінде жинақтап, реттеп көрсетіп отырады. Платформа ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған бірыңғай «цифрлық терезе» ретінде жұмыс істеп, жол жағдайын ұлттық деңгейде басқаруға, талдауға және үйлестіруге мүмкіндік береді.
TOR платформасы деректерді төрт негізгі көзден жинақтайды: қалалар мен тас жолдардағы стационарлық кешендерден, патрульдік полицияның мобильді бекеттерінен, дрондардан және өзге де қосылған жүйелерден.
Жүйе өңірлер, оқиға түрлері және уақыт кесіндісі бойынша талдау жасап, апат жиі болатын нүктелерді анықтауға, қауіпті жүргізушілерді тіркеуге, сондай-ақ үзіліссіз сегіз сағаттан артық көлік жүргізіп отырған тұлғаларды бақылауға мүмкіндік береді.
🔗БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз релизі сілтемеде https://drive.google.com/drive/folders/15uwxxinCwoPTCbAHlcRz6ogV4JzWQZwd?usp=sharing
Sergek AI платформасы Future Digital Awards байқауында платина жүлдесін жеңіп алды
Біз Juniper Research сараптамалық агенттігі ұйымдастырған Smart Cities & IoT Innovation Future Digital Awards 2025 байқауында екі бірдей жоғары марапатқа ие болдық.
Қалалық қауіпсіздік пен көлік ағынын басқаруға арналған Sergek AI Smart City Platform шешімі «AI in IoT Innovation of the Year» номинациясы бойынша ең жоғары - платина жүлдесін жеңіп алса, көлік қозғалысын интеллектуалды басқаруға жауапты Sergek ITS жүйесі «Best Intelligent Traffic Systems Solution» аталымында алтын жүлдені еншіледі.
«Бұл марапаттар біз үшін жай ғана жүлде емес. Олар біздің шешімдер Қазақстанмен ғана шектелмей, халықаралық нарықта да сұранысқа ие екенін көрсетіп отыр. Біз өзіміздің отандық өнімдер арқылы жаһандық ойыншылармен тең дәрежеде бәсекелесе алатынымызды дәлелдедік», – деді Sergek Group компаниясының бас директоры Евгений Ким.
Сонымен қатар, биыл Sergek Group халықаралық Corporate Vision басылымы ұсынған «Best AI-Powered Traffic & Mobility Platform 2025» номинациясында да ерекше аталды.
🔗БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз релизі сілтемеде https://drive.google.com/drive/folders/1mRa6U9Hw6une7o4s0fX8GvKLihNPGbYP?usp=drive_link